Сейтметова Жанетта Раимбекқызы, 1962 ж.т., ф.ғ.к., аға оқытушы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы. Бұл кафедрада 2007 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейді. «Аударма ісі», «Шетел филологиясы», «Шығыстану» мамандықтары бойынша дәрістер оқиды. 1999 жылдан бастап 2007 жылға дейін әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, қазіргі заманғы шығыс тілдері кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып жұмыс істеді. Сейтметова Ж.Р. 1984 жылы ҚазМУ филология факультетінің араб бөлімін бітірген. Мамандығы бойынша филолог, араб, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. 1985-1991 жылдары. тағылымдамадан өтті, содан кейін КСРО Ғылым академиясының Шығыстану институтының аспирантурасында оқыды (Мәскеу). 1991-1993 жж шығыстану факультеті, араб филологиясы кафедрасында ассистент болып жұмыс істеді. Мароккода (1993), Египетте (1999) тілдік тағлымдамадан өтті. 1993-1999 жж. Мысыр компаниясынының Қазақстандағы өкілдігінде және Қазақстан Республикасындағы Мысыр елшілігінде аудармашы болып жұмыс істеді. Аудармашы ретінде түрлі ресми делегациялармен жұмыс жасауда үлкен тәжірибеге ие. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Сауд Арабиясы Корольдігіне сапары кезінде ресми делегацияның аудармашысы. 2013 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры бастаған делегацияның Иордания сапары барысында аудармашы болды.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1984 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
28.03.2007 |
0
құжаттар
0